Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

20.10.2025 12:55

Бүгінгі тағайындауға дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды

Қала әкімдгінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Данияр Абзалиденұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша және «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Оқи отырыңыз: Полиция "Қайрат" – "Пафос" ойыны қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті