Алматы халықаралық әуежайында Көрісу күніне арналған мерекелік акция өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жолаушыларды ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, қазақтың дәстүрлі тағамдарын ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы халықаралық әуежайында Наурызнама аясында мерекелік күндер тізбегіндегі маңызды мерекенің бірі Көрісу күніне арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акция барысында әуежай жолаушыларын ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, қонақтарды Көрісу күнімен құттықтады. Олар жолаушыларға қазақтың дәстүрлі тағамдары – бауырсақ пен шұбат ұсынды.

Іс-шара жүргізушісі жолаушыларға бұл күннің тарихы мен маңызын айтып берді. Көрісу күні – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, ақжарма тілектер айтып, өзара сыйластық пен татулықты нығайтады.

Әуежай қонақтары мерекелік акцияға қызығушылықпен қатысып, ұлттық мәдениет элементтерімен танысып, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты.

Түрлі ел мен ұлт өкілдері әсерін бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлылығына ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Көктөбедегі Көрісу күні: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар құттықтады

Новости партнеров