Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды қабылдады

24.12.2025 19:06

Қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты өзекті өтініштері қаралды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты өзекті өтініштері қаралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Кездесу кезінде көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, көркейту, жер пайдалану мен құрылыс, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері көтерілді. Сондай-ақ мәдениет, спорт және кәсіпкерлік салаларындағы бастамаларды қолдау, әлеуметтік нысандарды дамыту және қалалық ортаның сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Барлық өтініш бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында нақты шешім қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Жекелеген жағдайларда мәселелерді өтініш иелерімен бірлесіп, сол жерде пысықтау үшін тиісті мамандардың шығуын ұйымдастыру тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Бас жоспарын түзетуде агломерацияның дамуы ескеріледі