Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті
Кездесу қорытындысында қала әкімі жауапты қызметтерге барлық өтінішті бақылауға алып, қысқа мерзімде шешуді тапсырды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының жұртшылығымен кездесіп, өзекті мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Парасат» және «Тайм Сити» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары шаһар басшысына талап-тілегін жеткізді. Олар автотұрақ тапшылығы, кәріз жүйесі мен электрмен қамту мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ қазандық жұмысына қатысты түйткілдер де сөз болды. Кездесу қорытындысында қала әкімі жауапты қызметтерге барлық өтінішті бақылауға алып, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
«Біздің мына жақта канализация бойынша сұрақтарымыз болды. Ол негізі әлі құрылыс салушының балансында тұрған мәселе. Әлі де соған қатысты жұмыстар жасалмаған деп, сондай мәселе туындап жатыр. Аудан әкіміне «тапсырма бердім, бақылауда ұстасын» деп, сол аудан әкімінің қолдауымен бұл мәселелер тезірек шешіледі деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Балайым Маханова.
«Тұрғындар күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерін айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Әкім кездесуге жауапты мамандарымен бірге келді. Барлық өтінішіміз тіркеліп, олардың орындалуын қадағалайтын жауапты адам белгіленді. Алғысымды білдіремін!» – деді қала тұрғыны Сергей Новгородцев.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді