Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026 10:14

Мегаполис басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында дауыс берді. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дархан Сатыбалды Instagram парақшасында еліміздің саяси тарихында мүлде жаңа кезең басталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты.

Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады», – деді ол.

Оқи отырыңыз: Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Толық көрсету