Дархан Сатыбалды Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі Қарғалы өзені арнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде барды
Шаһар басшысы Үлкен Алматы және Қарғалы өзендері арнасын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жоба аясында өзен жағалауын нығайту, іргелес аумақтарды көркейту және тұрғындар үшін қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру көзделген. Үлкен Алматы өзеніндегі құрылыс учаскесін аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар кемшілік анықталды. Осыған байланысты қала әкімі мердігер ұйымға барлық олқылықты қысқа мерзімде жоюды, нысанды жобалық талаптарға толық сәйкестендіруді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Дархан Сатыбалды Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі Қарғалы өзені арнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде барды. Жауапты басқармаларға құрылыс барысына бақылауды күшейту тапсырылса, мердігер ұйымға құрылыс технологиясын қатаң сақтап, жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау міндеті жүктелді.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Балаларды қолдау орталығының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады