Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

16.12.2024 11:30

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес,  Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер  мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні: еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты қандай қызықты фактілер бар