Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі тағайындалды

29.05.2025 21:01

Ильзат Акчурин бұған дейін “Almaty” телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі болып Ильзат Акчурин тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ол 2024 жылдан бастап, осы уақытқа дейін “Almaty” телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат саласындағы 15 жылдық еңбек жолын жаңалықтар бөлімінде тілші болып бастаған Ильзат Акчурин тележүргізуші, Астана қаласындағы тілшілер қосынында сараптамалық бағдарламалар бөлімінің басшысы, шығарушы редактор, бас редактордың орынбасары, «Almaty» телерадиокомпаниясының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры – бас редакторы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ «Таң» және «СТВ» телеарналарында жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті