Бағыт ауданның негізгі нысандарын қамтыды
Алматының Бостандық ауданында Наурыз мерекесіне орай ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аудан көшелерімен төбесі ашық автобус жүріп өтті. Автобус үстінде этноансамбль өнер көрсетіп, ұлттық шығармаларды орындау арқылы қала ішінде халықтық мерекенің ерекше рухын жеткізді.
Бағыт ауданның негізгі нысандарын қамтыды. Оның ішінде «Атакент», Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ, Mega Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы, сондай-ақ әл-Фараби мен Абай даңғылдары бар.
Қала тұрғындары мен қонақтары акцияға белсенді қатысып, бейнежазба түсіріп, әнге қосылып, өнерпаздарды қолдады. Автобус жүрген жолда мерекелік көңіл күй бір сәтке де бәсеңдеген жоқ.
Оқи отырыңыз: Қажымұқанның елінде балуандар тас көтеріп, дәстүрді жаңғыртты