Алматы көшелерінің бірінде қозғалыс уақытша шектеледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұған Абай даңғылының ұзартылуы себеп болып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.    

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2-25 қараша аралығында Қилыбай Медеубеков көшесі мен ұзартылып жатқан Абай даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

"Бұл аумақты оңтүстік бағытта Ұ.Қараманов, Грушовая, Строительная көшелері арқылы, ал солтүстік бағытта Строительная, Виноградная, Ұ.Қараманов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Аталған учаскеде ескерту белгілері қойылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазір 600 метрлік соңғы учаскеде жұмыс қолға алынған, ұзартылған жолдың ұзындығы 5,3 км.

Айта кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы ғылыми кітапханаға ғалым Сералы Қаниевтің есімі берілді

Новости партнеров