Алматы мәслихаты қаланың жергілікті бюджетін нақтылауды қолдады

29.11.2024 18:15

Жаңа бастамалар бойынша қосымша 21,3 млрд теңге бөлінеді

Алматы мәслихаты қаланың жергілікті бюджетін нақтылауды қолдады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының бюджетін нақтылау бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен жүргізіледі. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі 82,9 млрд теңгеге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен – 18,1 млрд теңгеге, сондай-ақ келесі жылға 57,9 млрд теңге көлемінде қаражат аудару есебінен азайтылатын болады.

"2025 жылға қаражат аударудың негізгі себептері – мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу", - деп атап өтті Қанат Сухамбеков.

Оның айтуынша, жаңа бастамалар бойынша жұмыс қарқынының озып кетуіне байланысты қосымша 21,3 млрд теңге бөлінеді, олар әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс – шараларды қосымша қаржыландыруға бағытталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда білім беру саласына қосымша 4 млрд теңге бөлінеді