Қазіргі таңда қалада 221 медициналық ұйым жұмыс істейді
Алматы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері бойынша ел көлемінде көш бастап тұр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, қала әкімдігі үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі. Негізгі мақсаты – әрбір алматылық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Қазіргі таңда қалада 221 медициналық ұйым жұмыс істейді. Онда 36 мыңнан астам медицина қызметкері, соның ішінде 10 мың дәрігер еңбек етуде. 2025 жылы саланы дамытуға 58 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 56,2 млрд теңге – қалалық бюджеттің қаражаты.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Алматы денсаулық сақтау көрсеткіштерінің барлығы бойынша тұрақты өсім көрсетуде:
«Бұл нәтижелер – алдын алу шараларының, диагностиканы жаңғыртудың және қалалық дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің жемісі», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды