Алматы метрополитенінің жұмысы қалпына келтірілді

14.08.2026 19:16

Электр пойыздары қалыпты режимде жүріп жатыр

Almaty.tv

Алматы метрополитенінің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Қалада электр қуатының уақытша өшуіне байланысты Алматы метрополитенінің жұмысы тоқтатылған болатын.

Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, метрополитен жұмысы қайта жанданды. Электр пойыздары қалыпты режимде жүріп жатыр.

Уақытша қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Оқи отырыңыз: Алматыда және өңірлерде электр беру жүйесі толығымен қалпына келтірілді

Толық көрсету