Туризмді дамыту: Алматы бірінші жартыжылдықта 3 халықаралық марапатқа ие болды

15.07.2026 11:33
пресс-служба акима Алматы

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматының көрме стенді қаланың туристік әлеуетін тиімді таныстырғаны үшін бірнеше халықаралық марапатқа ие болды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мумбай қаласында өткен OTM-2026 халықаралық көрмесінде Алматы стенді «Қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін» марапатына ие болды. Көрме барысында шетелдік туроператорлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша Алматыға турист тарту жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Сеулде өткен SITF-2026 көрмесінде Алматы стенді мазмұны мен таныстырылымының жоғары деңгейі үшін The Best Booth Content Award сыйлығын иеленді.

Ал үшінші марапат Гонконгта өткен ITE Hong Kong 2026 халықаралық көрмесінде берілді. Алматы көрме ұйымдастырушыларының арнайы Outstanding Performance Booth сыйлығына ие болған жалғыз қатысушы атанды.

Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық көрмелерге қатысу Алматыны шетелдік нарықтарда кеңінен танытуға, серіктестік желісін кеңейтуге және қаланың туристік бағыт ретіндегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді