Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам оқырманы бар танымал қытайлық блогер Tao Tao (taotaoaima) келді. Блогердің сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сапар аясында блогер шаһардың туристік әлеуетімен және оның бірегей мәдениетімен танысты. Мегаполистің көрікті жерлерін аралаған блогер Qazaq Riders этнокешеніне, сондай-ақ қаланың гастрономиялық әртүрлілігін көрсететін Yurta және Pekin Duck мейрамханаларына барды.

Qazaq Riders аумағында блогердің қазақтың ұлттық киімін киіп, ат мәдениетінің элементтерімен танысқан сәттері бейнетаспаға түсірілді. Этномәдени бағдарлама аясында дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ол атқа мініп көрді. 

Сапар барысында Tao Tao әлеуметтік желілерде белсенді түрде контент жариялап, Алматының атмосферасын, табиғи ландшафттарын және мәдени әртүрлілігін көрсетті. Жылқы, этномәдениет және lifestyle тақырыптарына маманданған блогердің жазбалары әдетте миллиондаған қаралым жинап, аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырады.

Алматы Қытайдан келетін туристер үшін ең тартымды бағыттардың бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. Миллиондаған аудиториясы бар блогердің сапары қалаға деген қызығушылықты арттырып, оны Қытай нарығында ілгерілетуге ықпал етеді. 2025 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыға ҚХР-дан 102,1 мың турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға көп.

Оқи отырыңыз: Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Новости партнеров