Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

01.10.2026 10:55

пресс-служба акима города Алматы

Алматының туристік мүмкіндіктері Токиода өткен халықаралық туристік көрмеде таныстырылды. Биыл шараға 74 ел мен Жапонияның 46 өңірінен 1 420 экспонент қатысып, төрт күн ішінде көрмеге шамамен 180 мың адам келген. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының стенді Орталық Азия аймағында жұмыс істеді. Көрме аясында Жапонияның туристік индустрия өкілдеріне арналған Алматы туризміне арналған жеке іс-шара да өтті.

Қатысушыларға Алматының негізгі туристік бағыттары, қаланың инфрақұрылымы және сапарларды ұйымдастыру мүмкіндіктері таныстырылды. Қазақстандық туроператорлар серіктестерге Алматы мен Қазақстан бойынша маршруттарды ұсынып, жапондық туристік бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Алматы өкілдері 150-ден астам іскерлік кездесу өткізді. Келіссөздер туризм саласындағы ірі жапондық компаниялар мен ұйымдар, басқа елдердің туристік ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ жапондық телеарналар мен медиакомпаниялар өкілдерімен өтті.

Кездесулер барысында Алматыны жапон нарығында ілгерілету, туроператорлармен ынтымақтастық, жаңа туристік өнімдерді әзірлеу және қаланы ақпараттық таныстыру мәселелері талқыланды.

Жыл бойы туризмді дамыту мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды. Көрме қатысушыларына Алматының таулар мен табиғи аумақтарға жақындығы, гастрономиясы, мәдени нысандары және іскерлік іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Іскерлік бағдарлама қорытындысы бойынша жапондық серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар ақпарат пен тәжірибе алмасуды, кәсіби байланыстарды дамытуды және туризм саласындағы бірлескен жобаларды пысықтауды көздейді.

Оқи отырыңыз: Марат Пашимов резиденттермен кездесті

Толық көрсету