Алматы цифрлық технологиялардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналып келеді

04.06.2026 15:52
пресс-служба акима Алматы

Бүгінде қалада бірыңғай бейнемониторинг жүйесі жұмыс істейді. Оған 70 мыңнан астам камера мен 8 мыңнан аса қалалық инфрақұрылым нысаны біріктірілген. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, ауруханалар, қоғамдық орындар және көлік нысандары бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жасанды интеллект көмегімен жүйе адамдардың жүзін және автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін таниды, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды, қоқысты заңсыз төгу деректерін анықтап, ақпаратты жедел түрде тиісті қызметтерге жолдайды.

Қала тазалығына да ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүздеген камера санитарлық жағдайды бақылап, стихиялық қоқыс орындары мен қалдықтарды заңсыз төгу фактілерін анықтауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды