Almaty Summer Fest: Алматы тұрғындарын VI фестиваль концертіне шақырады

08.07.2026 18:08

Концерт «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында басталады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 11 шілдеде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ALMATY SUMMER FEST қалалық фестивалінің алтыншы концерті өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын сенбі кешін ашық аспан астында әсем әуенге бөленіп, сүйікті өнерпаздарының өнерін тамашалауға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Концерт сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында басталады.

Бұл кеште сахнада Kalifarniya, Qanay, Бүркіт & Айша, Жанболат & Жазира, Елнұр Наурызбек, Ғаламат Бейсеқожа, Ернар Жұматаев, Aksunkar, Жұма Әбіл, Азамат Төрехан, Ердаулет Мұратұлы, Nurislam, JVSMIN, Dana Turar, Baymaman, DJ Akhmetoff, сондай-ақ Әуезов ауданының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Концертті Дидар Кәден мен Балауса Ерғалина жүргізеді.

ALMATY SUMMER FEST жобасы жаз маусымы бойы әр сенбі сайын өткізіліп келеді және қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысына арналған жаңа алаңға айналды. Жаз басталғалы бері фестиваль мыңдаған көрерменнің басын қосты. Әрбір концерт өзіндік мазмұны мен ерекше бағдарламасымен дараланып, бір сахнада еліміздің танымал өнерпаздары мен Алматының әр ауданынан келген шығармашылық ұжымдарды тоғыстырып келеді.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайға дайындық: Алматыда еріктілер форумы ұйымдастырылды