Жобаның жүзеге асуы қала экономикасының дамуына серпін береді
Медиаменеджер әрі қоғам қайраткері Арманжан Байтасов Almaty Superski жобасын қолдап, оның Алматыны халықаралық тау туризмі орталығы ретінде дамытудағы маңызын атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның пікірінше, жобаның жүзеге асуы қала экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болып, мегаполистің туристік тартымдылығының артуына ықпал етуі мүмкін.
Сондай-ақ Арманжан Байтасов соңғы 13 жыл ішінде жоба сарапшылар, экологтар және қоғам белсенділерінің қатысуымен ашық талқыланып, жан-жақты жетілдірілгенін айтты.
«Жобаның бүгінгі деңгейі шынымен де таңғалдырады. Almaty Superski жүзеге асса, Алматы әлемдік тау туризмі орталықтарының біріне айналатынына сенімдімін», — деді ол.
Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтады