Акцияның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру
Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Құқығың өз қолыңда» акциясы өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл күні қала тұрғындары үшін консультациялық көмектің Мобильді кеңсесі жұмыс істеді. Онда әр қалаған кісі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алып, білікті заңгерлік қолдауға ие болды.
Акцияның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың құқықтық санасын нығайту.
Кеңестерді Қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары және Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілі жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамда заңды сақтау мәдениетін қалыптастыруға, тәртіпті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін офлайн ортада да, интернет кеңістігінде де арттыруға ықпал етеді. Аталған кездесулерді жыл бойы өткізу жоспарланып отыр.
Жобаны жеткізуші - «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» Қоғамдық қоры.
Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады