Алматы түтінінен жасалған сия, велошредер және қайта өңделген пластиктен жасалған шахмат

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Almaty Open ATP 250 турнирі ECO Network және алғашқы Эко-хабпен бірлесіп өз алаңында экоаймақ ашты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында экологиялық айлықтың басталуына орай халықаралық Almaty Open ATP 250 турнирі ECO Network және алғашқы Эко-хабпен бірлесіп өз алаңында экоаймақ ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл спорттық іс-шаралардың экология тақырыбын, қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетін ілгерілетіп, тұрғындарды қалдықтарды қайта өңдеуге арналған интерактивті аймақтар арқылы тартуының жақсы дәстүрге айналып келе жатқанын көрсетеді.

Биыл ECO Network-пен бірлесіп өз іс-шараларын экологияландыру бастамасын Almaty Marathon және FIDE World Cadet Chess Championships 2025 – 8, 10 және 12 жас аралығындағы балалар арасындағы әлем чемпионаты да жүзеге асырды. Чемпионат кезінде балалар бөтелке қақпақтарынан тікелей чемпионат барысында шахмат жиынтығын жасап шығарды.

Almaty Open ATP 250 экоаймағының бірегей бөлігі – алматылық оқушылар әзірлеген «Алматы түтінінен жасалған сия» жобасы болды. Іс-шара қонақтары дәл осы сиямен шоперлерді бояды.

Бұл символдық мәнге ие, себебі дәл қазір Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Бұл ережелер қаладағы зиянды түтін мәселесін түбегейлі шешуге көмектесуі тиіс.

«Алматы түтінінен жасалған сия» жобасының авторлары:

  • Иманталиева Нарминахон – №48 лицейдің 11-сынып оқушысы, жобаның негізін қалаушы;
  • Советхан Аружан – NIS-тің 10-сынып оқушысы, жобаның техникалық директоры.

Олар 8 елден келген 350 жобаның ішінде өткен халықаралық LaunchZone әлеуметтік жобалар батлында 2-орын иеленді.

Сондай-ақ Жасыл технология орталығының GCIP халықаралық акселерациясының жартылай финалистері атанды.

Global Startup Awards байқауында Қазақстандағы жылдың үздік жасыл технологиялық стартаптарының бірі ретінде номинацияланды.

Сонымен қатар Invest Match акселерациялық бағдарламасының финалистері болды.

Алматы қаласының әкімдігі, экобелсенділер және чемпионат қонақтары Almaty Open ATP 250 ұйымдастырушыларына Мемлекет басшысы белгілеген «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық мәдениетті және қалдықтарды бөлек жинау тақырыбына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі мен Швейцария Парламентінің депутаттары қалалар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Новости партнеров