Алматы үшін жедел қоғамдық көлікті дамыту басты мәселе

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев қалада 700 мыңнан астам машина тіркелгенін және күн сайын облыстан 450 мыңға жуық машина қалаға кіретінін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында метро құрылысы туралы сұраққа жауап беріп, жалпы қоғамдық көлікті дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол батыс бағытта «Қалқаман» станциясынан кейін метро «Барлық» базарына дейін жалғасатынын, онда ірі көлік- ауысып отыру торабы құрылатынын атап өтті. 

«Сондай-ақ әуежайға қарай тарту жобасы дайындалуда. Келесі жылы біз жұмыс қарқынын жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, қаланың көлік қаңқасының Мастер жоспарына сәйкес метро, ЛРТ және БРТ сияқты  жылдам қоғамдық көлік біздің басымдығымыз болып табылады. Келесі жылы ірі жобаларды іске асыру басталады», - деді мегаполис әкімі. 

Ерболат Досаев қалада 700 мыңнан астам машина тіркелгенін және күн сайын облыстан 450 мыңға жуық машина қалаға кіретінін атап өтті. 

«Яғни, жолдарда миллионнан астам көлік жүреді. Біздің міндетіміз - дамыған қоғамдық көлікті жасау. Адамдар жеке көлікке емес, автобусқа немесе метроға таңдау жасауы тиіс. Сондықтан, шын мәнінде дамыған қоғамдық көлік  мобильділікті, қауіпсіздікті, жайлылықты арттырып, экологияны жақсарта алатынын көргенде алдағы екі жыл шешуші мәнге ие болады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында инженерлік желілердің құрылыс жобасы аяқталып келеді

Новости партнеров