Алматы Дженнифер Лопесті тағатсыздана күтуде: ұзын-сонар көңілді кезек пен көрермендердің шат күлкісі

10.08.2025 17:05

Айналада әңгіме-дүкен, шат күлкі, қуанышты дауыстар

пресс-служба акима Алматы

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне бірнеше сағат қалғанда, халық Орталық стадионға ағылып жатты. Кей жерде кезек ондаған метрге созылғанымен, жұрт асықпай, бір-біріне құрметпен жол беріп, алда күтіп тұрған сиқырлы кештің ләззатын оймен сезініп тұр, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Айналада әңгіме-дүкен, шат күлкі, қуанышты дауыстар. Бірі стадионды немесе достарын фон етіп суретке түсіп жатса, енді бірі сәтті бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Кештің ауасы мерекелік шаттыққа толы: тіпті, бірін-бірі танымайтын жандар жылы жымиып, амандасып қояды.

Тәртіпті қадағалаған қызметкерлер мен еріктілер әр қонаққа бағыт сілтеп, орнын табуға жәрдемдеседі. Көрермендердің көптігіне қарамастан, орта жылы, достық пен шынайы мереке рухы сезіледі. Өйткені барлығы мұнда музыка, эмоция және ұмытылмас әсер үшін жиналған.

Оқи отырыңыз: Алматы Дженнифер Лопесті қарсы алады: маскоттар мен көше өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады