Алматы жастары ашық аспан астында тегін киноны қайдан көре алады

03.06.2025 15:46

Басты мақсат – отандық киноөндірісті насихаттау, жастардың мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қолжетімді қалалық мәдени орта қалыптастыру

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында «Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер» жобасы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба қаланың волонтерлерінің бастамасымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Басты мақсат – отандық киноөндірісті насихаттау, жастардың мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қолжетімді қалалық мәдени орта қалыптастыру.

Жоба аясында әр апта сайын қаланың сегіз ауданында отандық фильмдердің тегін көрсетілімдері ұйымдастырылады.

 

Маңызды

Көрсетілім кестесі ауа райына және техникалық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Толық ақпаратты жоба ұйымдастырушыларының Instagram парақшасынан  @birgemiz.almaty  көруге болады.

Оқи отырыңыз: Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды