Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды. Іріктеудің бұл кезеңі 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе тапсыру себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Редакциялауға жіберілген өтінімдер туралы ақпарат бағдарлама сайтының басты бетінде «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінде қолжетімді.
Редакциялау процедурасы бағдарламаның ресми сайтында — almaty-zhastary2024.kz өтуі керек. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.
Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.
Оқи отырыңыз: Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды