Бастама мереке күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған
Алматыда 1 маусым күні балалар метромен тегін жүре алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Алматы қ. Метрополитен» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балаларға метромен тегін жол жүру ұсынылады.
«Бастама осынау ерекше мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған», - делінген хабарламада.
Күні бойы— метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін тегін жол жүруге болады.
Оқи отырыңыз: Фестиваль, шоу, көрмелер мен ойындар: 1 маусымда Алматыда қайда баруға болады