Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген 4 субұрқақ кешені ретке келтіріледі

06.05.2025 09:02

Алматы әкімінің есебінде Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 15 жылда алғаш рет 4 субұрқақ кешеніне – әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс жапғындағы, Республика алаңындағы, сондай-ақ  Ғ.Мүсірепов театры жанындағы субұрқақтарға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылдың 15 сәуірінде 5,6 млрд теңге сомасына 4 субұрқақты  кешенді жаңғыртуға шарт жасалды.

Алматы әкімінің есебінде Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.  

Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мұнда «Lorberg» (Германия) питомнигінен әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылды.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ірі ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Бурак Озчивит: RAMS Beyond - заманауи архитектура мен қаланың тарихи келбетін үйлестіретін маңызды бастама