Алматыда 2025 жылы ауқымды ағаш отырғызу басталады

06.12.2024 13:47

Барлығы 27 мыңға жуық ірі ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Алматы әкімдігі

2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталады, онда бірінші деңгей көгалдар мен гүлзарлардан, екінші деңгей – бұталар мен сәндік өсімдіктерден, ал үшіншісі - ірі ағаштардан тұратын болады. Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 27 мыңға жуық ірі ағаш отырғызу жоспарлануда, оның 23 мыңының биіктігі 4 метрден, ал 4 мыңының биіктігі 6 метрден асады.

"Қаланы абаттандыру және көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің басты басымдығымыз", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Екпелер жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде: магистральдық көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық кеңістіктерде жүргізілетін болады. Бұл тәсіл қысқа мерзімде көлеңкелер мен жасыл аймақтарды құруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қаланың тығыз қоныстанған аудандары үшін өте маңызды.

Жоба ағаштарды отырғызу мен күтудің заманауи әдістерін қолдануды қарастырады. Отырғызудан кейін екі жыл ішінде екпелерге жүйелі күтім, соның ішінде тамшылатып суару және автоматты суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру ұйымдастырылады, бұл олардың өмір сүруін тездетеді.

Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу толыққанды жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда келер жылы қандай жолайрықтардың құрылысы аяқталып, қай көшелер ұзартылады