Бүгінгі күнге дейін 2019-2023 жылдар аралығындағы өтінімдер бойынша 1 186 жоба жүзеге асырылды
«Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы аясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша іске асырылатын жобалардың саны 308 болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аудандық әкімдіктер мен сараптамалық кеңестер budget.open-almaty.kz сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесін қорытындылады. Жалпы алғанда, жобаларға 163,5 мың дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Ең көп жоба ұсынған Алатау ауданында – 50, одан кейін Алмалы ауданында – 45 жоба, Әуезов және Бостандық аудандарында – 42 және 41 жоба мақұлданған. Ең азы Наурызбай ауданында – 26 жоба.
Айта кетсек, ХҚБ-ның 2025 жылға арналған әр аудан бойынша сараптамалық кеңестердің шешімдері «Құжаттар» бөлімінде жарияланған. Әрбір өтінімнің мәртебесін «Жобалар» қосымша бетіндегі «Мәртебе» сүзгісі арқылы тексеруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, онлайн дауыс беру 2024 жылы 22 қазан мен 1 қараша аралығында өтті, нәтижесі 7 қарашаға дейін қорытындыланды. Келесі кезеңде бюджет өтінімдерін қалыптастыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жобалардың 2025 жылы жүзеге асырылады.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе ақпарат алу үшін аудандық әкімдіктерге немесе Алматы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі Open Almaty-ға 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы хабарласуға болады.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылы 12,9 млрд болған). Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктер 2023 жылы дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз болған жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге дейін 2019-2023 жылдар аралығындағы өтінімдер бойынша 1 186 жоба жүзеге асырылды.
Оқи отырыңыз: Тіл шебері: Алматыда дәстүрлі қалалық байқауы өтті