Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары сапалы кескін мен дыбысты алуға мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №418-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары сапалы кескін мен дыбысты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арналар мен бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Ескі үлгідегі сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, мысалы, ауа райының қолайсыздығына байланысты және қатты желде жоғалып кетуі мүмкін. Цифрлық эфирлік телекөрсетілім жоғары қорғаныс деңгейіне және сигнал сапасына ие, ол ұзақ қашықтықта қабылданады. Енді аналогтық хабар тарату бір таратқыш – бір арна принцип бойынша жұмыс істейді, ал цифрлық телекөрсетілімде көптеген арнаны таратуға мүмкіндік береді.
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік приставкалармен (17.09.2024 жылғы №433-НҚ) қамтамасыз ету қағидалары бекітілді, оған сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі - АӘК) жеткізу және орнату нысандарында абоненттік приставкалармен өтеусіз негізде қамтамасыз етіледі.
АӘК алушы жалғамаларды алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінішпен жүгіну қажет.
Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мекенжайлары:
Оқи отырыңыз: Елордалық жас аналарға Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасы бар сыйлықтар берілді