Алматыда Абай алаңында кімдер өнер көрсетті

Almaty.tv
Almaty.tv

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап AY YOLA тобы "Homay" әнін орындады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, сондай-ақ түрлі мәдениетаралық попурриге куә болды.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап AY YOLA тобы "Homay" әнін орындады.

"Homay" әні өзінің әуезді ырғағымен және терең мағынасымен тыңдармандардың жүрегін жаулады. Әнде ұлттық әуен мен заманауи музыканың үйлесімі шебер көрініс тапқан, бұл да топтың кәсіби деңгейін тағы бір дәлелі.

Алматыдағы концерт AY YOLA тобының шетелдегі алғашқы өнер көрсетуі болды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1 мамырға арналған мерекелік концерт өтіп жатыр

Новости партнеров