Алматыда антисанитариямен күресте видеомониторинг қолданылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бір апта ішінде видеомониторинг көмегімен 17 заңбұзушылық анықталды 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Алматы қаласын цифрландыру басқармалары арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім аясында коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Target AYA бағдарламасы бойынша видеомониторинг жүйесіне қолжеткізді. Бұл жаңалық қаладағы санитарлық нормалардың бұзылуын тұрақты негізде анықтауға және оларды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

2024 жылғы 18-24 қазан аралығында "Жарқын күз" қалалық науқаны кезінде видеомониторинг нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабында белгіленген абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 17 кәсіпкерлік объектіде бұзушылықтар анықталды. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлері нысандарға жедел барып, бұзушыларға ауызша ескерту жасады.

Бұл іргелес аумақтардың жай-күйі үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған абаттандырудың жаңа ережелерін енгізудің арқасында мүмкін болды.

"Абаттандыру қағидаларының негізгі бағыттарының бірі - кәсіпкерлік объектілерін паспорттау. Бұл процестің мақсаты - әрбір кәсіпкер үшін іргелес аумақтарды абаттандыру жауапкершілігінің шекарасын анықтау. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректері бойынша қалада 5 590 кәсіпкерлік нысаны паспортталуға жатады. Қазіргі уақытта мыңнан астам кәсіпкер паспорттарға қол қойды", - делінген хабарламада.

Паспорттау бойынша барлық жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер іргелес аумақтарды ретке келтірумен қатар, ғимараттардың қасбеттерін күту, тазалықты сақтау және коммуналдық қалдықтарды уақтылы шығару жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.

Видеомониторинг жүйесі және жаңа абаттандыру ережелері өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Ережені бұзған кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Оқи отырыңыз: Республика күніне орай Алматы әуежайында туристерге қазақстандық шоколад ұсынылады

Новости партнеров