Алматыда Байзақов көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша шектеледі

14.08.2025 17:00

Шектеулер 1966 жылы пайдалануға берілген құбыр желісінің жөнделуіне байланысты енгізіліп отыр

 

Аlmaty.tv

15 тамызда сағат 08:00-ден 17 тамызда сағат 19:00-ге дейін Алматыда Байзақов көшесінде Райымбек даңғылынан екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлауынша, жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау аясында 1966 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @ AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа тәртібі түсіндірілді