Тұрғындар референдумда өз таңдауын 20:00-ге дейін жасай алады
Алматыдағы 624 референдум учаскесінде 4,5 мыңға жуық маман қызмет атқарып жатыр. Олардың айтуынша, дауыс беруге жиналғандардың саны сағат сайын артып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Мәселен, Оқушылар сарайындағы учаскеде дауыс берушілердің 40 пайызы таңдау жасап үлгеріпті.
Оқушылар сарайында орналасқан №377 референдум учаскесінде келушілерге 2510 бюлютень дайындалған. Таңнан бері оның жартысы қолданылыпты. Мамандар бұл саяси науқанға атсалысып жатқан тұрғындардың қарасы қалың екенін білдіреді дейді.
Бір атап өтер ерекшелік, учаскеде “Әуен” квартеті классикалық жанрдағы туындыларды орындап, келушілерге ерекше көңіл күй сыйлап жатыр.
№377 учаске де дәстүрден жаңылмады. Таңмен таласа алғашқылардың бірі болып келген дауыс берушіге планшет табысталған.
Еске салар болсақ, шаһар тұрғындары референдумда өз таңдауын 20:00-ге дейін жасай алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда пара биден спорт шебері референдумда дауыс берді