Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде қандай тексерулер жүргізіледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» ӘКК ветеринариялық-санитариялық бақылау саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ аудан әкімдіктерімен бірлесіп апта сайын Алматы қаласындағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде бақылау жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жәрмеңкелерді ашар алдында жауапты қызметкерлер ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа да тез бұзылатын азық-түлік өнімдеріне ветеринариялық анықтамаларды және фермерлердің сертификаттарын тексереді, сақтау шарттарын, температуралық режимнің сақталуын және қаптаманың бүтіндігін бақылайды, қажет болған жағдайда балғындық пен қауіпсіздікке экспресс-сынамалар жүргізеді.

Өнімді сатуға уәкілетті қызметкерлермен келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тауар алынады, ал сатушының қызметі тоқтатылады. Сонымен қатар жәрмеңкелерде сауда алаңдарының санитарлық жағдайы, жұмыс режимі, стихиялық сауданың алдын алу тұрақты бақылауға алынды.

Демалыс жәрмеңкелері әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Жәрмеңкеге шығарылатын өнімдер делдалдарды айналып өтіп, тікелей шаруалар мен өңдеу зауыттарынан жеткізіледі, бұл бағаны нарықтық бағадан төмен ұстауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке мекенжайлары:

  • Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесінің арасы
  • Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағын ауданы, Исиналиев көшесі
  • Әуезов ауданы: Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлова бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы
  • Алатау ауданы – «Мәдениет» тұрғын үй кешені.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай даңғылының ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды

Новости партнеров