Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады
9 қыркүйекте Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған турнир өтті. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жарысты Алматының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Турнир рапид форматында бес тур бойынша өтті. Қатысушылар бірнеше жас санатында, сондай-ақ қала тұрғындары мен Алматы құрамасы өкілдері арасында бақ сынады.
Жеңімпаздар:
Барлығы сегіз санат бойынша 32 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың тоғызқұмалаққа қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Айта кетейік, Алматыда 400-ге жуық бала тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады.
Оқи отырыңыз: Алматының Инвестштабы 210,3 млрд теңгенің он екі жобасын қарады