Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Құжатты әзірлеу барысында қаланың энергия жүйесінің даму болжамы жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі "Электр желілерін дамыту жоспары" әзірленді. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай хабарлады. Құжат электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, энергия сапасын жақсартуға және қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Электр желілерін дамыту жоспары энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу бағдарламасын қамтиды, ол 2030 жылға дейінгі кезеңді, ал болашақта 2040 жылға дейінгі даму перспективасын көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қаланың энергия жүйесінің даму болжамы жасалды, бұл алдағы онжылдықта қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

"Алматының энергетика саласын талдау шұғыл шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселе мен ерекшеліктерді анықтады. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай мегаполистің тұтыну қуаты 468 МВт-қа (48%-ға) өсіп, 1450 МВт-ты құрайтын болады", - деді Нұрбақыт Серікбай.

Аталған деректерді ескере отырып, Жоспарда негізгі міндеттер қарастырылған: жаңа қосалқы станцияларды салу, электр желілерін қайта құру және жаңғырту, әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру, жаңа тарату пункттерін орнату және электр беру желілерін ауыстыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін жою.

Осы іс-шараларды іске асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін айтарлықтай арттырып, тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасын жақсартады және жаңа нысандарды қосу мүмкіндіктерін жасайды.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары: бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қосымша қаржы бөлінеді

Новости партнеров