Алматыда IQ Ala Jastary жобасының қорытынды турнирі өтті

25.10.2024 18:06

Әрбір қатысушыға имидждік сыйлықтар табысталды

Фото: Мейірман Сулейменов

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы қаласы "Жастар рухы" Жастар қанаты және «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен, Республика күніне орай ауқымды интеллектуалды сайыстың «IQ ALA jastary» финал турнирі GRAND FINAL өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

“GRAND FINAL” турниріне осыған дейінгі кезеңдерде жеңімпаз болған қатысушылар қатысып, 12 команда іріктелді. Іс-шара белсенді жастардың қатысуымен өтті.

"Турнирдің алғашқы кезеңі тарих беттерімен басталып, екінші кезең әлемдік брендтер туралы ашық сұрақтар талқыға алынып жалғасты", - дейді ұйымдастырушылар.

Турнирдің арнайы қонағы ретінде Алматы қаласы мәслихат депутаттары Әсия Ақанова және Серік Есматов, ғалым Руслан Нұрлыбаев, жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің бас маманы Ақерке Сақбаева, операциялық қызмет пен әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс жөніндегі вице-провост Санат Сатаев, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.

Арнайы шақырылған қонақтар қатысушыларға қолдау білдіріп, жобаның маңыздылығы туралы атап өтті.

Турнирге қатысқан әрбір қатысушыға “IQ ALA JASTARY” интеллектуалдық ойындарының имидждік сыйлықтары табысталды.

ФИНАЛ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  • 1 орын - ЖАС ҚЫРАН, жүлде - 500.000 теңге;
  • 2 орын - ЖЕЛ ЖЕБЕЛЕРІ, жүлде - 300.000 теңге;
  • 3 орын - ТҰМАРЫМ, жүлде - 200.000 теңге.

“ IQ ALA JASTARY “ жобасы 1000-ға жуық студенттің белсенділігін арттыруға көмектесті.

Оқи отырыңыз: Республика күні: алматылықтар дрондар шоуын тамашалайды