Алматыда «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз» акциясы басталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Өсімпұл қарыз толық өтелген жағдайда ғана есептен шығарылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Акция суық сумен, жылумен жабдықтау және кәріз қызметі үшін төлемді кешіктіріп төлегендіктен дебиторлық берешегі жиналып қалған жеке тұлғаларға (пәтер мен жеке үй иелеріне) арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акцияға қатысу үшін биыл желтоқсан айының соңына дейін барлық қарызды толық өтеу қажет және «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жазбаша өтініш беріп, өтінішке төлем түбіртегінің (кассалық чек) көшірмесін қоса тапсыру керек: 

* Жароков көшесі, 196, 1-қабат 
* Жетысу-3 шағынауданы, 37-үй 
* Ботаническая көшесі, 29А (Сейфуллин-Дегтярев қиылысы, «Север» ательесінің артында) 
* Чуланов көшесі, 109 (Момышұлы көшесі, Райымбек және Рысқұлов даңғылдарының арасында)

Өсімпұл қарыз толық өтелген жағдайда ғана есептен шығарылады.

Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына келе алмасаңыз, құжатты almatysu@almatysu.kz электронды поштаға жіберуге болады. 

Қарыз туралы ақпаратты немесе есептеу бойынша кеңесті 3-777-444 телефоны арқылы ала аласыздар.

Еске сала кетейік: қарыз уақытында өтелмеген жағдайда, тұтынушыларға қызмет көрсетілмейді, ал қарыз сомасы мүлік пен банктік шоттарға тыйым сала отырып, сот арқылы өндіріп алынады.

Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

Новости партнеров