Алматыда құқықтық сауаттылыққа арналған конференция ұйымдастырылды

07.02.2026 12:38

Іс-шара аясында құқық бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы және Білім басқармасының қолдауымен Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің базасында «Құқықтық жағдаяттар шешімі» атты қалалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара аясында нақты құқықтық жағдаяттар талқыланып, бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. 

Конференция барысында Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заңгерлер, психологтар және сала мамандары спикер ретінде қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда көше-жол желісі тәулік бойы тазартылып жатыр