Бұл туралы қалалық мәслихаттың коммуналдық инфрақұрылым жөніндегі тұрақты комиссия отырысында айтылды
Алматыда келер жылдың бірінші тоқсанына дейін коммуналдық төлемдердің құны көтерілмейді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың коммуналдық инфрақұрылым жөніндегі тұрақты комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Комиссия мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарифтерді уақытша ұстап тұру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын қарастырды. Президент тозған желілердің көлемін кемінде 15 пайызға қысқарту керек екенін, ал инфрақұрылымға тартылатын инвестицияның негізгі бөлігін компаниялар өз есебінен енгізуі тиіс екенін атап өткен еді.
«Келесі жылғы 1 сәуірге дейін негізгі коммуналдық төлемдер мен тарифтерді көтермеу туралы және Алматы қаласындағы субъектілердің қандай инвестициялық жобалары барын, қандай жаңартулар жүргізіліп жатқанын, әрі қарай төлемдерді көтермеу мәселесін бірге талқыладық», – деді қалалық мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.
Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлік жүктемесі азая ма: Алматыда тағы 600 автобус сатып алынады