Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталды
Сот шешіміне сәйкес бүгін Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу нысаны бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр.
Оқи отырыңыз: "Медеу" спорт кешенін қайта жаңғырту: Алматы әкімі жұмыс барысымен танысты