Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды
Кеше Мақатаев көшесі, 4а мекенжайда орналасқан Taiyaki coffee дәмханасы сүрілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз тұрғызғаны белгілі болды.
Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды.
Биыл 29 қыркүйекте меншік иесі басқарма ұйғарымының талаптарын орындау үшін заңсыз құрылысты сүрді.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Береке Fest» аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді