«Алматы Су» кәсіпорны суды пайдалануға бақылауды күшейтіп жатыр
Әуезов ауданындағы 60 көлік жуу орнының барлығы тексерілді. Нысандардың 90%-ы суды тазартып, қайта пайдалануға мүмкіндік беретін айналымды сумен жабдықтау жүйелерін қолданатыны анықталды. Ал мұндай жүйелерді орнатпаған тағы жеті автожуу орны сумен жабдықтау желісінен ажыратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қажетті жабдық орнатылып, оның жұмысы тексерілгеннен кейін ғана су беру қайта қалпына келтіріледі.
Тексеру жұмыстары Алматының барлық ауданында жалғасады. Сумен жабдықтау желілеріне заңсыз қосылу жағдайы бақылауға алынды.