Алматыда контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу жұмыстары күшейтілді

21.10.2024 09:00

2024-2025 жылдар аралығында 2 мыңнан астам жаңа контейнер орнату жоспарлануда

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарында қоқыс жинау және контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

18-24 қазан аралығында «Жарқын күз» экологиялық акциясы шеңберінде 700-ден астам контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, жуу және дезинфекциялау, сондай-ақ 24 747 көше және аула қоқыс жәшіктерін тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар  аула аумақтарының санитарлық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы контейнерлік алаңдарды жаңғырту және оларды тереңдетілген типтегі контейнерлерге ауыстыру жұмыстары жалғасуда. 2024-2025 жылдар аралығында 2 мыңнан астам жаңа контейнер орнату жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты күзгі науқанның циклі өтіп жатыр, оның аясында қалада күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындық жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Таразда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды