Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

29.10.2025 15:00

Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген

Қала әкімдгінің баспасөз қызметі

Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы «СК 7 строй» ЖШС атты құрылыс лицензиясынан айырылған компания туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
 
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.
 
Барлық нысанда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың талаптарын сақтамау деректері анықталды.
 
Тексеру қорытындысы бойынша «СК 7 Строй» ЖШС-не әкімшілік шаралар қолданылып, оның құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Блогерсымақтарды қатаң жауапқа тартатын кез келді – депутат