"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды
Көрнекі фото: Almaty.tv
Өтінімдер 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін қабылданады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
- отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
- ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
- отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
- қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдіктеріне жүгінуге болады.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 маусым.
Оқи отырыңыз: Елімізде емханаға тіркелу қағидалары жаңартылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37