Алматыда олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дауыс берді

23.08.2026 10:42

Чемпион Самал-2 шағынауданындағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген Михаил Шайдоров Алматының Самал-2 шағынауданындағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Биыл спортшы мансабындағы ең биік белесті бағындырып, қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Ол Олимпиада тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, Қазақстанның көк туын желбіретті.

Оқи отырыңыз: Алматыда 100 жастағы ардагер дауыс берді

Толық көрсету