Алматыда өзен арналары тазартылып, көліктерден шығатын газ мөлшері тексеріліп жатыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Алматыда «Жарқын күз» экокампаниясы жалғасын тапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Жарқын күз» науқаны аясында «Таза ауа» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты - автомобильдерден шығатын газдың қаншалықты зиян екенін және түтінінің деңгейін бақылау, бұл әсіресе ауаның ластануының едәуір бөлігі көлік шығарындысына байланысты болатын мегаполисте маңызды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ай басталғалы бері Полиция департаментінің қызметкерлері жылжымалы экологиялық бекеттерде 628 көлікті тексерді. Мониторинг нәтижелері бойынша 263 автомобильде зиянды шығарындылар мен түтіннің белгіленген нормативтерінің асып кетуі анықталды, бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының 42%-ын құрайды.

"Тексеру нәтижесінде 202 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 123 заң бұзушыға айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан едәуір асып кеткен тоғыз автомобильдің иелері  көліктерінің мемлекеттік нөмірлерді уақытша алынып тасталды", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 18 қазаннан бастап мегаполисте қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде және жол инфрақұрылымының бойында ағаштарды санитарлық кесу, құлаған жапырақтар мен қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ақсай және Қарғалы өзендерінің арналарын тазарту аяқталды, бұл өз кезегінде күзгі-көктемгі кезеңде су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.

6000 м2 өзен арналары тазартылды. Осы тапсырмаларды орындау үшін экскаваторлар мен самосвалдарды қоса алғанда 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалау барысында 150 м3 қоқыс шығарылды – бұл пластикалық қалдықтар, құрылыс материалдары және т.б. Өткізілетін іс-шаралар су ағынын едәуір жақсартуға және алдағы айларда су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Өзен арналарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілі аясында жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» бастамасын іске асыру жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Республика күні: жастар мен патриотизмнің ел дамуындағы рөлі талқыланды

Новости партнеров