Қаланың 2025-27 жылдарға арналған тиісті бюджеті Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды
Алматыда 10,5 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қаланың 2025-27 жылдарға арналған тиісті бюджеті Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың білім беру сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы біліктілікті арттыру курстарымен 1 360 педагог қамтылды (420 педагог пен мектеп директорлары, 440 мектепке дейінгі білім беру педагогі, инклюзивті білім беруді іске асыратын 300 педагог, 200 колледж өндірістік оқыту шеберлері, олардың 510-ы Сингапур, Финляндия, АҚШ, Жапония, Кореяда халықаралық тағылымдамадан өтті).
2025 жылы осы мақсаттарға 10,5 мың педагог үшін 2 млрд теңге бөлінеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2025 жылы Баум тоғайын абаттандыру жоспарланып отыр